26 қараша. KAZISLAM – Дін саласындағы мемлекеттің саясатын түсіндіру мен қоғамда діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті комитетінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелері 25-27 қараша күндері Алматы қаласында бірқатар іс-шаралар өткізуде.

Аталмыш жұмыстарды жүзеге асыруға білікті теолог, психолог, дінтанушы мамандар тартылды. Атап айтқанда, Әділбаева Шамшат, Төлегенова Әлия, Мустафиан Толғанай, Тилегенова Ақбөпе, Узақбаева Лаура, Кенесбай Айша.

Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруда «Жусан» арнайы операциясымен елге оралған әйелдермен нүктелік жұмыстарға көп көңіл аударылды. Аталмыш категорияға тиесілі психологиялық және діни кеңестер берілді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Паркинсонды жеңген әже

Негізінен, мұндай жұмыстар халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіруге бағытталған. Осыны ескере отырып, дінге қызығушылық білдіретін қыз балалармен, әйел жамағатпен арнайы профилактикалық кездесулерді өткізу күн тәртібіне қойылған.

РАТТ мүшелері мешіт жамағатымен, білім алушы қыз балалармен, мұсылмандық тауарлар сатылатын сауда орталықтарындағы сатушылармен, т.б. нысаналы орталарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Пікір жазу