Жаңалықтар

Рамазан айында имамға маңызды ант берді

Әлемнің өзге елдеріндегі секілді бұл елде де Facebook, Instagram, Snapchat және Twitter әлеуметтік желілері кеңінен пайдаланылады. Жастардың дені әлеуметтік желіде көп уақытын жоғалтып, намаз уақытын жіберіп алады екен. Осыған байланысты аталған елдің мұсылман жетекшілері арнайы үндау тастап, қасиетті айда әлеуметтік желіден бас тартуға шақырған.

Имамдардың үндеуіне құлақ асқандардың қарасы көп болған. Мәселен, Фату Диалло есімді Кот-д’Ивуардың 30 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіден шықпайтынын жасырмады, алайда, қасиетті айда оған кірмеуге уәде берді. Ал Әбу Силла есімді 32 жастағы екі баланың әкесі әлеуметтік желіге кірмегелі өзінің көптеген басы артық, тіпті, кейде орынсыз уайымнан арылғанын жеткізді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Кот-д’Ивуар халқының 43%-ын мұсылмандар құрап отыр. Қазіргі уақытта. 

 
Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close