Сириядан қайтарылған адамдардың біразы төлқұжаттарын жоғалтып алған. Бұл туралы «Жусан-2» операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Қазақстандықтардың бірқатары өздерінің төлқұжаттарын жоғалтқан. Балалардың басым бөлігі бұдан бұрын ИЛИМ/ДАИШ бақылауындағы аймақтарды туған болатын. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер операция барысында консулдық -құқықтық әрі логистикалық қолдау көрсетті», – деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, ҚР СІМ және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүкіл жұмысты мүдделі орталық және жергілікті меморгандар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз үйлестіру арқылы өткізді. «Енді дерадикализациялау және сауықтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөле отырып, қайтып келген әйелдер мен балаларды бейімдеу әрі қайта әлеуметтендіру кезеңі басталып отыр», – деді министрдің орынбасары.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Адамдар соңғы уақытта неге агрессияға жақын болып кетті?

Айта кетейік, Ержан Ашықбаев Сириядан қайтарылған адамдардың лаңкестік қылмыстарға қатысы барлары жазаға тартылатынын мәлім етті.

Еске салсақ, бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдеме жасады.