KAZISLAM – ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды aqmeshit.kz.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бастау алған  «Жүрек жылуы» акциясы аясында өткен шарада әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік қоржыны үлестірілді.

Көмек алған тұрғындар игі шараны жүзеге асырған қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамдары мен ерікті жамағатына ризашылықтарын білдірді.

Пікір жазу