Эпидемиологиялық ахуалға байланысты егізілген өзгертерге сәйкес биылғы мейрам өзгеше өтуде. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен www.qurban2020.kz сайты іске қосылып, құрбан шалу рәсімін қашықтықтан өткізу қолға алынған болатын.

Осы орайда, Сыр өңірінің мешіттері де Бас мүфти бастамасына қолдау білдіріп, аймақ тұрғындарының құрбан шалу ниетін онлайн форматта жүзеге асыруды бастап кетті.

Қасиетті мерекенің алғашқы күнінде-ақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған арнайы штаб мамандары алдын-ала белгіленген қасапханада құрбан шалу рәсімін өткізіп, сайтқа онлайн өтініш берген мұқтаж жандардың мекен-жайларына тегін жеткізуде.

Алғашқы күннің өзінде облыс орталығында 2 ірі қара, 50 қой, 20 тоқты, аудандарда 20 ірі қара, 91 қой құрбандыққа шалынып, жалпы облыс бойынша 1200-ге жуық отбасыға құрбан еті таратылды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Қызылорда: Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Пікір жазу