KAZISLAM – ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Ерназар Мақсұм» мешітінің күрделі жөндеуден кейін қайта ашылуына қатысты.

«30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық акциясы аясында күрделі жөндеуден өткен мешіттің едені жылу жүйесіне қосылып, газ-пеш орнатылған және толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеуден кейінгі өзгерістермен танысқан Бас имам Болатбек Абуов мен Талсуат ауылдық округінің әкімі Болатбек Қалиұлы жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғысын жеткізді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай, «30 құдық», «30 көпір», «30 мың түп тал отырғызу» сынды игі бастамалар қолға алынған болатын. Мерейтойға арналған ірі жобалардың бірі – «30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу».

Пікір жазу