Сұрақ: Құрбандықты мұқтаж адамға еттей емес, тірілей берсе бола ма?

Жауап: Құрбандық шалу – Алланың арнайы әмірімен түскен құлшылық. Кез келген амалдың дұрыс орындалауы үшін қажетті реттілігі, шарттары мен талаптары бар.

Мысалы, намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару тіпті, дұрыс дәрет алудың арнайы реттілігі мен шарттары бар. Егер сол реттілік сақталмаса, алынған дәрет дұрыс саналмайды.

Сол сияқты орындағалы отырған құлшылық дұрыс әрі тиісті деңгейде болсын десеңіз, онда шариғат айтқан немесе көрсеткен талаптар мен амалдарды орындауға міндеттісіз.

Егер сіз құрбандық малына ниет етіп, бірақ, оны мұқтаж жанға еттей емес, тірідей берсеңіз, онда сіздің бұл амалыңыз құрбандыққа жатпайды. Сіз қайырымдылық жасап, садақа берген боласыз. Сіздің бұл ізгі амалыңызға құрбандық малының емес, садақаның сауабы жазылады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Мүфтият екпеге қатысты үндеу жасады

Себебі малды құрбандыққа шалудың шарттарының бірі – қан ағызу. Сіз қан ағызған жоқсыз. Құрбандық шалуға міндетті болған адам малды бауыздап қан шығаруы тиіс. Ал құрбан шалудың орнына малды тірідей (садақа етіп) беру мойнынан уәжіпті түсірмейді.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу