Сұрақ: Құранда эмбриология ғылымына қатысты аят бар дейді. Құранның ғылымға қаншалықты қатысы бар?

Жауап: Құран Кәрімде эмбриология ғылымына ғана емес, сонымен қатар генетикалық код, ДНК, РНК және ғылымның басқа да салаларына қатысты  мұғжизаға толы аяттар көптеп кездеседі.

Эмбриологияға қатысты аятқа келер болсақ, Муминнун сүресіндегі келесідей аяттарда:

«Расында, Біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын Оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған жасушаға), сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа). Сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ – ең керемет жасаушы» («Муминун» сүресі, 12-14 аят-тар) – деп, адамның жаратылуы егжей-тегжейлі баянадалған.

Көріп отырғанымыздай, Құран тұтас бір эмбриология ғылымын осы үш қана аятқа сыйдырып, тұтастай түсіндіріп береді. Осылайша, Құран Кәрім күні бүгінге дейін эмбриолог ғалымдарды қатты таңғалдырып келеді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ер адамның гинеколог болып істеуі күнә емес пе?

Ғалымдар ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан жетістіктері Құранда XIV ғасыр бұрын жазылып қойғандығын естіп-білгенде еріксіз таңғалып, талай ғалымдар Ислам дінін қабылдаған.

Ал Альберт Эйнштейн институтында дәріс беретін Еврей ұлтынан шыққан америкалық эмбриолог ғалым  Роб Гиллхам, канадалық ғалым, адам анатомиясы мен эмбриология саласындағы мықты маман Кейт Мур да Құранды мойындайтынын айтқан.

Оның «Адам эмбриологиясы» деген кітабы әлемнің 8 тіліне аударылған Кейт Мур «Егер мен Құран туралы еретерек білсем, Нобель сыйлығын 20 жыл бұрын алар едім» – деп айтқаны белгілі.

Мур эмбрионның даму кезеңі туралы өзінің ашқан жаңалығы сонау мың жарым жыл бұрын Құранда сондай дәлдікпен жазылғанына таңқалған. Құран аяттарымен толық танысып шыққан соң ислам дінін қабылдаған екен. Осыған қарап, Құран мен ғылымның байланысы ерекше орынға ие деп айта аламыз.

Балғабек Мырзаев

Пікір жазу