KAZISLAM – ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Халифа Алтай» қайырымдылық мекемесінде «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша IX республикалық жарысына» Өскемен аймағы бойынша іріктеу сайысы өтті. Шараға өңірге қарасты аудан, қалалардан 10-нан астам үміткерлер қатысып, Құранның қоңыр сазы әуеледі.

Сайысқа өңірдің ұстаздары мен имамдары қазылық жасады. Іріктеу бәсекесіне қатысушылар 10 пара, 20 пара, 30 парадан және мәнерлеп оқудан сынға түсті. Қатысушылар қасиетті Құранда бар нақышымен оқып, өздерінің осы сайысқа аса тыңғылықты дайындалғандықтарын көрсетті.

Сайысты ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Іріктеу сайысы Құран оқудың шеберлерін анықтаған жоғарғы деңгейлі бәсеке болды. Сайысқа жастар аса ынталы қатысты. Дініміздің алтын діңгегі-қасиетті Құранды құрметтеп, бар ынта-жігерін сайысқа арнаған шәкірттерімізге алғыс білдіреміз» деді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Бас мүфти радикалды болған азаматпен сұхбаттасты

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға республикалық сайысқа қатысуға сертификат және сыйлықтар берілді. Аймақтық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге алғысын білдірген қазылар алқасы оларға алда болатын республикалық сайысқа сәттілік тіледі.

Пікір жазу