Рамазан айында БҚО Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Парасат» ҚБ ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Құран түскен Рамазан» тақырыбында құран оқудан сайыс өтті.

Аталмыш шара дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасын тауып келеді. Жарыстың мақсаты – дәстүрлі дінімізді насихаттау, жамағат арасында ауызбіршілікті арттыру және жамағаттың білім деңгейін көтеру. Жарыстан жүлделі орын алған жамағаттарға сыйлықтар табыс етілді.

Тағылымды жарыста І орынды Демешов Азамат жеңіп алса, ІІ орынды Хан Феродж еншіледі. Ал ІІІ орын Хусайнов Бауыржанға бұйырды.

Пікір жазу