Сауд Арабиясында бес парыздың бірі – қажылық құлшылығы тәмамдалды. Биыл ол екінші жыл қатарынан коронавирусқа байланысты қатаң шектеулер жағдайында өтіп отыр.

Бұған дейін жыл сайын қажылыққа 2,5 миллион адам келетін болса, биыл Сауд Арабстанның 60 мың адамына ғана парызын өтеуге рұқсат етілді. Олардың бәрі – коронавирусқа қарсы екпе алған, созылмалы ауруларға шалдықпаған 18 бен 65 жас аралығындағы ел тұрғындары.

«Пандемия салдарынан қажылардың саны қатты қысқарды. Шектеулерге қарамастан мен қажылығымды өтедім. Бізден басқа миллиондаған адамға бұл пандемия өз кесірін тигізді, сондықтан біз қажылық кезінде адамзатты осы кеселден құтқар деп жалбарындық», – дейді қажылығын өтеуші Махер Баруди.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қош, "қазақтың салмағы"!

Биылғы қажылықтың тағы бір ерекшелігі – Қағбадағы қара тасты ұстауға тыйым салынды. Сол үшін Қағбаны айналдыра қоршау қойылды. Ел билігі осындай шектеулердің арқасында биыл да коронавирустың таралуына жол берілмейді деп үміттеніп отыр.

Пікір жазу