Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірқатар ауруларға қарсы профилактикалық екпеден қанша адам бас тартқанын айтты.

«Бұрынғысынша вакциналаудан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакциналауға жатқызылғандардың арасында профилактикалық екпеден 24 976 адам бас тартты. Оның ішінде 58 пайызы жеке себептерімен, 23,2 пайызы діни сенімі, 12,8 пайызы вакцинаға сенімсіздік танытқандықтан, 6 пайызы бұқаралық ақпарат құралдарындағы негативті ақпарат салдарынан екпе алмады», – деді А. Цой.

Оның айтуынша, биылдың 1 жартыжылдығында вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелді.

«Тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Биыл вакциналауға қатысты қарсы пікірдегі 197 адам ойын өзгертіп, екпе салдырды», – деді министр.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Бас мүфти бүлік кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Айта кетейік, А. Цой биыл елімізде бірқатар қауіпті инфекциялар тіркелмегенін мәлім етті.

Пікір жазу