17 шілде. KAZISLAM – Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, дәрігер Дорит Ницзан бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде жолдаған бейнежолдауында айтты.

Қазақстандағы коронавирус жағдайы біздің кеңесте алынған мәліметтерге қарағанда жақсарып келеді. Соңғы екі аптада жағдайдың үштен бірі тіркелген болса да, құлдырау байқалады. Мемлекет санитарлық шаралар қолданып жатыр. Сондай-ақ, науқастарды тестілеу мен емдеу, инфекцияны бақылау шарасын жақсартып жатыр. Әсіресе, Қазақстан пневмония анықталмаған науқастарды тестілеуден өткізуге келісті. Біз мұны барлық елде жасауды ұсынамыз, – деді ол.

Дәрігер Дорит Ницзан вирустың әлі де тарап жатқанын, еш босаңсудың қажеті жоғын ескертті.

Бұған дейін дәрігер Клуге айтқандай, Қазақстан жағдайларды әлемдік стандартқа сай қайтадан квалификациялауға көшті. Бұл науқас коронавирус не басқа ауру жұқтырғанын анықтауда маңызды. Бірақ, бір нәрсені айта кетейін, қайтадан квалификациялау COVID-19 жағдайының ұлғайғанын көрсетуі мүмкін. Ол қайтадан квалификациялау кезеңінде күрт ұлғаюы мүмкін. Бұл COVID-19 жағдайы ұлғайды деген сөз емес. Ол тек бұрынғы база қайтадан квалификацияланғанын білдіреді. Қайталап айтамын, бұл коронавирус жағдайы ұлғайды деген сөз емес. Бұл Қазақстанның әр азаматы үшін, көршілес елдер мен Еуропа елдері үшін маңызды үндеу. Бірақ босаңсып кетудің қажеті жоқ. Вирус тарап жатыр. Оны тоқтату үшін бәріміз көмектесуіміз қажет, – деді ол.

Сонымен қатар, ол ДДСҰ Қазақстанның жағында екенін және осы елдің, Еуропаның, тұтас әлем елдері азаматтарының денсаулығын сақтауға көмектесетінін айтты.

Пікір жазу