Қазақстанның құрама командасы химия пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысты (International Chemistry Olympiad-IchO).

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің команда 4 қола медаль жеңіп алды. Covid-19 коронавирустық пандемиясы жағдайында халықаралық жарыс қашықтан өтті.

Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 200-ден астам оқушы қатысты. Қазақстан осы турнирге іріктеу турлары мен Менделеев олимпиадасының жалпы рейтингісінің нәтижелері бойынша құрама команданың мүшесі болған 4 конкурсантты ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша құрама команданың барлық мүшелері қола медальға ие болды. Жеңіс тұғырына көтерілген білімпаздар – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы Қайырбек Хайдар; Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы Мужубаев Әбілмансұр; Сейсенқұл Бақдәулет (Нұр-Сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы); Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы Абдугафарова Кибриянур.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Н. Тағанұлы Нұр-Мүбәрәк университеті проректорымен кездесті

Команда жаттықтырушылары – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық инженерия магистрі Ернұр Төлеп пен «Назарбаев Университетінің» магистранты Әзім Аманжоловтың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар химия пәнінен 52-ші халықаралық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Пікір жазу