Татарстан астанасы Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне арнайы барған ҚМДБ делегациясы «Құл-Шариф» мешітіне ат басын бұрды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлына мұсылман әлемінің ерекше сәнді ғимаратын «Құл-Шариф» мешітінің имамы Ильназ Шарипов таныстырды.

«Құл-Шариф» – Татар хандығының мың жылдығына орай 2005 жылы пайдалануға берілген мешіт. Елге 922 жылы Ислам діні келгенінің белгісі ретінде Татарстан Президентінің бастамасымен мешіт 922 адамның намаз оқуына лайықталып салынған. Күмбезі 36 метрге, ал мұнараларының биіктігі 54 метрге дейін жететін мешіт 1552 жылы Иван Грозныйдың басқыншылығы кезінде құлатылған «Ақмешіттің» орнына ақ мәрмәрдан тұрғызылды. Ашылғанына 16 жыл болса да, тарихи маңызы бар мешітке татар халқының біртуар тұлғасы, имам, ақын Құл Шариф есімі берілген.

8 ПІКІР

  1. Дін де халықаралық ынтымақтастықты дамытудың бір тетігі болып табылады , керемет

  2. Керемет тарихи орталық екен. Біздің дін өкілдері барып, байланыс құрып жүргені қуантты.

  3. Құл Шәріп мешіті жайлы бірінші рет естідім. Әлеуметтік желілерден қарап едім, рейтингі жоғары мешіттің бірі екен. Әлеуметтік желілерде де 113 мың рет белгіленген.

  4. Бір атадан тараған бауырлас ел азаматтары оның ішінде дін өкілдері байланыс құрғандары керемет жаңалық

  5. Ершат Оңғаров өте иманды оқыған азамат, қаншама жыл оқыған ілімін ел игілігіне жұмсап жатыр

  6. ҚМДБ тарапынан атқарылып жатырған кейбір іс шаралар халық тарапынан еленбей жатады, іс жүзінде осындай жұмыстарын көргеніміз өте тамаша

  7. Очень красиво! Впечатляющее строение

  8. Радует то что проводятся подобные встречи и мероприятия, это определенно идет на пользу

Пікір жазу