KAZISLAM«Халал Даму» мамандарының ұйымдастыруымен Алматы облысындағы қасапшыларға онлайн оқу-семинар өткізілді.

Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, ветеринариялық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев дәріс оқыды.

Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбілдің бақылауындағы «Алатау құс» және «Otan Green food» құс фабрикасының қасапшылары мен жеке қасапханалардың мамандары қатысты.

Елдегі эпидемологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өткізілген семинарда мал мен құстың жем-азығына қойылатын шариғат талаптары, мал бауыздау тәртібі, міндеттері және әдебі жөнінде айтылды. Мал етін харам қылатын шариғатта бекітілген жағдайларды талдау жүргізіліп, арам еттің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Елбасы: Сайлаудан кейін алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр

Айта кетейік, еліміздің әр өңірінде «Қасапшылық жауапты һәм сауапты – іс» жобасы бойынша шариғат және стандарт талаптарына сай мал сойып, қызмет көрсететін қасапшыларды оқыту қолға алынған болатын. Қазіргі таңда 492 қасапшы «ҚМДБ халал» куәлігіне ие.

Пікір жазу