«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді дана халқымыз. Қарттардың қоғамдағы елеулі орнын ескере отырып, СҚО-дағы «Зекет және қайырымдылық» қоры, сондай-ақ қалалық мешіттердің ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күніне орай қарияларға құрмет көрсетілді.

 Яғни, бұл күні ата-әжелерге лайықты құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Азық түлік өнімдері салынған қоржындар берілді.

Облыстың бас имамы Кенжетай Байкемелұлы ғибратты әңгімелер айтып, қазыналы қарттарымызға ерекше көңіл бөліп, бір топ жандарға гүл шоқтарын сыйлады. Сондай-ақ ата-әжелерге лайықты құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Азық-түлік өнімдері салынған қоржындар да берілді.

Қарттар өз кезегінде дін қызметкерлерінің тосын сыйына ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.

Пікір жазу