Исламда қатыгездік пен әділетсіздік саналатын дәлелді себептерге сүйене отырып, қарғыс (бетдұға) айтуға рұқсат етілгенін білдіретін аяттар мен хадистер бар.

Шын мәнінде, «Ниса» сүресінің 148-аятында: «Алла зұлымдық көрген адам болмаса, айғайлап жаман сөз айтуын құп көрмейді (зұлымдыққа ұшыраушылардың шағым айтуына, қарғыс оқуына болады). Алла барлығын естіп, біліп тұрады»,[1] – деп бұйырған.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мұсылмандарды азаптау, Ислам дініне зорлық-зомбылық пен күштеп қарсы тұру сынды жамандығымен танылған дінбұзарларға (мүшриктерге) бетдұға (қарғыс) оқығаны және бұл дұғаның да қабыл болғаны жайында хадистер кездеседі.

Бұл хадистердің бірінде айтылған оқиғада, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүшриктердің басшыларынан болған Әбу Жәһил, Уммайя б. Халаф, Утба б. Рабия, Шәйба б. Рабия және Укба б. Әбу Муаттан құралған жеті адамға қарғыс жасағаны және бұл хадисті жеткізушісі Ибн Мәсғуттың айтуынша ол адамдардың барлығы Бәдір шайқасында қайтыс болып, Пайғамбарымыздың дұғасы осылайша қабыл болғаны жеткізіледі.[2]

Бұған қоса, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мұсылмандарды ескерту мағынасында, байлыққа табынушыларға,[3] әке-шешесіне қарсы келушілерге[4] және атын атамай кейбір жаңсақ басқан адамдарға бетдұға оқығаны туралы айтылады. Осыған орай, азап шеккендердің қарғысы қабыл болатындығы туралы бірнеше хадис бар.

Көптеген діни әдебиеттерде көрсетілген бір хадисте, Пайғамбарымыз Муғаз б. Жәбәлді Йеменге әкім тағайындап жіберерде бірнеше міндеттерін айта келе, «Азап шеккендердің қарғысынан қорған! Өйткені, онымен Алла арасында перде болмайды» деп залымдық пен әділетсіздік жасау туралы оған ескерту жасаған.[5]

Басқа да хадистерде мүсәпірдің және әкенің баласына айтқан, әділ мемлекет басшысы мен ораза ұстаған адамның, сондай-ақ зұлымдыққа ұшыраған адамдардың дұғалары қабыл болатынына күмәні болмағанын білдірген[6]. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Зұлымдыққа ұшырағандардың қарғысынан сақтай гөр», – деп Аллаға дұға ететін.[7]

Бұған қоса, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз айтатын сөздерінің бірі де бетдұға болған. Бұның себебі, Ислам әдебінде кешірімділік пен кішіпейілділік әділдіктен де маңызды болуында. Өйткені, «Жамандықтың жазасы соның өзіндей ғана жамандық. Кім (өш алуға шамасы жете тұрып) кешірім етіп жарасар болса, оның сауабын Алланың өзі береді. Алла шынында да зұлымдық істегендерді ұнатпайды»[8] және «Кімде-кім сабыр сақтаса және кешірімшіл болса, бұл – игі іс»[9] секілді аяттар кешірімді болудың дәрежесінің жоғары болатынын көрсетуде.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында дінаралық келісім қалай жүзеге асты?

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірінің басым көп оқиғаларда зұлымдық жасағандарға бетдұға жасамай, керісінше олардың жүректеріне иман нұрымен нұрландыруын Алладан тілеген.[10]

Тағы бір хадисте «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе қарғыс оқымаңдар! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келсе, қарғыстарың қабыл болады», – деп бұйырған. Ислам ғұламалары, мұсылмандардың болмашы нәрсеге өзіне және басқаға қарғыс жасауды ислами тәрбеге сай емес екеніне назар аударады.

Имам Ғазали Әт-Туси, Аллаға тәуекел еткен мұсылмандардың сақтау керек болған ережелері жайлы айтқан өсиетінің бірінде, мүлкі ұрланған адам, ұрлықшыға қарғыс айтудан сақтансын. Егер айтатын болса, Аллаға тәуекелінің батыл болатынын айта келе қарғыс оқудың орнына оларға жанашырлықпен, Алланың кешіруін және тура жолды табуына дұға еткенін риуаяттар туралы айтып өткен.[11]

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам Құқық ғылымдарының докторы

 

[1] «Ниса» сүресі 148-аят. Аудармасы: Мұхаммед Шыңғыс қажы, Ермек Мұхаммедқали, Құран Кәрім қазақша сөзбе-сөз мағынасы, 103-бет.

[2] Муснад, I том, 393, 397-хадистер.

[3] Бұхари, «Жихад», 70-хадис және «Риқақ», 10-хадис.

[4] Муснад, II том, 346-хадис; Муслим «Бир», 8-хадис.

[5] Бұхари, «Музалим», 9-хадис.

[6] Муснад, IV-том, 154-хадис; Ибн Мажә « Сиям», 7-хадис, «Дуа», 11-хадис.

[7] Муснад, V-том, 82,83-хадис; Ибн Мажә «Дуа», 20-хадис.

[8] «Шуара» сүресі, 40-аят. Мұхаммед Шыңғыс қажы, Ермек Мұхаммедқали, Құран Кәрім қазақша сөзбе-сөз мағынасы, 489-бет.

[9] Шуара сүресі 43-аят. Мұхаммед Шыңғыс қажы, Ермек Мұхаммедқали, Құран Кәрім қазақша сөзбе-сөз мағынасы, 489-бет.

[10] Ұқсас хадистерге қараңыз; Бұхари, «Дағуат»  59-хадис.

[11] Ғазали, Ихия, IV том, 283-бет.

Пікір жазу