KAZISLAM – Қарағанды облысы бас имамының міндетін атқарушы Хумар Қоныскерей облысымызға қарасты бірнеше мешітке ат басын бұрып, ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттерді тексерді.

Атап айтқанда Қарағанды қалалық «әл-Машани» және «Бала қажы» мешіттері, Теміртаудың орталық және қалалық мешіті, Абай ауданы, Саран және Шахтинск қалаларының мешіттерінде болды.

Хумар Қоныскерей аталған мешіттерді толықтай аралып, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтады.

Сонымен қатар осындай тексеру жұмысы Қарқаралы ауданда орналасқан «Құнанбай қажы» мешітінде де болды. Тарихи мешіттің қазіргі жағдайымен танысып, мешіт қызметкерлерінің пікірін тыңдады.

Пікір жазу