Вьетнамның Ханой қаласында вьетнам тіліне аударылған Абайдың «Қара сөздері» кітабы таныстырылды.

Қазақстанның Вьетнам Республикасындағы Елшісі Ерлан Байжановтың айтуынша, Абай шығармашылығы қазақ халқы тарих тоғысында тұрған кезең – XIX ғасырдың аяғына сәйкес келеді. «Өзгерген әлем дәстүрлі көшпелі қоғамды орны толмастай жойып жатқанын, ал қазақ халқы тарих қалтарысында қалып қоймау үшін қалыптасқан тәртіптің толық жаңаруынан өтуі керек екенін ақын өте жақсы білді. Міне, бұл кітапта оның отандастарына деген үндеуі осыған негізделді», – деді Ханой ұлттық педагогикалық университетінде ойшылдың әйгілі туындысын таныстырған Е. Байжанов.

Кітаптың вьетнамдық басылымында алғысөз ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және Қазақстан ХХІ ғасырда» атты мақаласы жазылған. Соның арқасында вьетнамдық оқырман Абай тұлғасы мен оның мұрасының қазіргі қоғам үшін маңызы туралы құнды ойлар жинақтай алады.

Дипломаттың айтуынша, аударма кітаптың тұсаукесері Ханой ұлттық педагогикалық университетінде өтіп жатқанының символдық мәні бар – мұнда Абай атындағы ғылым және мәдениет орталығы жұмыс істейді. «Қара сөздерді» вьетнам тілінде басып шығару – Вьетнам аудиториясы үшін Қазақстан, оның халқы, қазақ тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы көбірек білуге ​​таптырмас мүмкіндік», – деді университеттің Әкімшілік кеңесінің төрағасы және партиялық комитетінің хатшысы До Вьет Хунг.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Аягүл МАНТАЙ: Арманым – Құдаймен гармонияда өмір сүру

Абай кітабының аудармашыларының бірі, Вьетнам жазушылар одағының вьетнамдық және орыс әдебиеттерін таратуға қолғабыс көрсету қоры директорының орынбасары Ле Дык Ман да өз пікірімен бөлісті. Көркем аударма шебері атқарылған жұмыс туралы ой қозғай отырып: «Аударма қызметі – бұл екі ұлттың, екі мәдениеттің байланыстырушы көпірі, ал әрбір аударма осы көпірдің ажырамас бөлігі. Біздің аударма Вьетнам мен Қазақстан арасындағы осы көпірдің алғашқы бөлігіні бірі болғанына қуаныштымын», – деді.

Хо Шан Мин Ұлттық саяси академиясының Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хоанг Ван Нгия екі елді жоғары деңгейдегі саяси қатынастар мен сауда-экономикалық байланыстар біріктіретіндігін, алайда мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықтың ауқымы оларға сәйкес келмейтіндігін баса айтты. Ол бұл кітап осы олқылықты ішінара толтырады және одан әрі вьетнамдықтар Абай шығармашылығына, оның өзін-өзі дамыту, мәдениет, білім беру және қоғамдық адамгершілік саласындағы идеялары мен философиясына қызығушылық таныта бастайды деген сенім білдірді.

Пікір жазу