Сұрақ: Мен қайырымдылық жасағым келеді. Оның бір мөлшері бар ма? Қандай сомадан бастап берілген көмек қайырымдылыққа жатады?  

Жауап: Ислам басқаларға мейірімді болуға және қолдан келгенше қайырымдылық жасауға шақырады. Бұған қатысты көптеген аят-хадистер бар.

Қайырымдылық жан қалауымен жасалады. Қайырымдылық бір мансап немесе атақ үшін жасалмайды. «Жомарт» атану үшін берілуі міндетті мөлшер жоқ, яғни сен пәленше берсең ғана жомарт боласың деген секілді. Қайрымдылық деген дүние аз нәрсемен болса да іске асады.

Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Оттан қорқыңдар! Құрманың жартысын берсеңдер де (қайырымдылық жасаңдар)», – деп айтқан (Бұхари, Муслим).

Әли ибн Әбу Толиб: «Қайырымдылықты аз беруден ұялма. Қайырымдылық жасамау одан да аз», – деген. Мұсылман аз мөлшерде болса да қайырымдылық жасаудан тартынбауы керек. Себебі аз болса да беру – мүлдем бермегеннен жақсы.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу