Адамның жаратылысында негізгі болмысы таза (фитраты таза). Дүниеге пәк болып келеді. Алланың Құраны солай дейді.

Бірақ пенденің әртүрлі орталармен араласып, кірленетінін ілім иелері айтып кеткен (Хәкім Абай).

Сондықтан адамға бойындағы қайырымды болмысын жоғалтып алмаудың сыры – үнемі жақсы ойлау мен жақсылық жасауды әдетке айналдыру екен.

Қайырымдылықтың бірі – мейірімділік.

Қожа Ахмет Яссауи бабамыз: «Пенде мейірімді үнемі қайрап отыру арқылы жоғалтпайды» дейді.

Жаратушының өзі ең сүйікті құлдарым «көркем мінез мейірімділері» деген (Құдайдан келген қай қасиетті кітапты алсаң да).

Пайғамбарымыз: «Көктегілер сендерге мейірім етсін десеңдер, сендер жер бетіндегілерге мейірім етіңдер», – деп бұйырады. Ал мейірімділікті қызмет ету, көмектесу арқылы жоғалтпайды екенбіз.

МЕЙІРІМДІ АДАМНЫҢ ҚАШАНДА ҚОҒАМДА СҮЙКІМДІ КӨРІНЕТІНІ БЕЛГІЛІ.

СҮЙКІМДІ КӨРІНГЕН АДАМДА АТАҚ ПЕН ДАҢҚ БАР. АБЫРОЙ БАР.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жалған "екпе" құжатын жасағандар қатаң жазаланады

Барлық адамның ертеңге құратын арман-жоспарлары болатыны анық. Бірақ, Құдай сақтасын, төтеннен келген бір жағдаймен арманымыздың бәрі көкке ұшады (тарихта арманда кеткен қаншама жандар бар, жақсылығын ертеңге қалдырған).

Сол үшінде дәл осы сәт, дәл осы мезет деп жүруіміз керек екен.

ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТІҢ «СОСЫНЫ» БОЛМАЙДЫ.

Пенденің қабірде екі-ақ нәрсесі ғана қорғайды дейді. Олар: қайырымдылығы мен жақсылығы. Қалғанының бәрі жоғалмақ.

Құранда: «Ана дүниеге барған жан Алласына жалынады екен. Уа, Аллам, мені мына дүниеге бір күнге жіберші».

Алла: «Не істейсің?» дегенде, пенде байғұс: «Жан-жағыма қайырымдылық пен жақсылық жасап келейінші», – дейді.

Адамды мына дүниеге бір күнге жіберсе, істейтін тірлігі тек жақсылық пен қайырымдылық!

Бірақ мына дүниеге қайтып оралу жоқ!!!

Жарас АХАН,

«Мағына» еңбегінен

Пікір жазу