Әс-Сатури жайында мынадай әңгіме бар. Ол әзілқой сопы болатын. Бірде ол бір бай кісінің үйінде дастарқанда отырады. Оларға пісірілген қозы еті әкелінеді. Үй иесінің біраз сараңдығы бар екен. Жұрттың қозыны парша-паршасын шығарып жей бастағанын көрген ол:
– Әй, қызметші, мынаны балаларға апарып бер, – дейді. Қозыны әкетіп бара жатқанда, әс-Сатури тұрып артынан ере бастайды. Одан:
– Қайда барасыз? – деп сұрағанда:
– Балалармен бірге жеуге,- дейді. Үй иесі ұялып, астың дастарқанға қайта қойылуына әмір берген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ