Путин: Әлем терроризмге қарсы бірігуі қажет

    120

    Ресей басшысы телеграммасында бұл оқиға әлемдік қауымдастықтарды терроризмге қарсы күш біріктіруі қажеттігін көрсететінін атап өтті. Путин бейбіт тұрғындарға қарсы барлық зорлық-зомбылық әрекеттерін сынға алды.

    «Кезекті рет болған теракт барлық әлемдік қауымдастықтар үшін терроризмге қарсы нақты күш біріктіруі қажеттігін тағы айқындайды» дейді Путин.

    Айта кетейік, Барселона орталығында болған жарылыстан Ресейдің бір азаматы зардап шеккен. Ресей азаматшасы жеңіл жарақат алып, оқиға орнында медициналық жедел көмек көрсетіліп, емханаға жеткізілген.

    Пікір жазу