Дәстүрлі Ислам шеңберінен ауытқушы псевдоағымдар тарих беттерінде дінді теріс интерпретациялау арқылы танылды. Олардың кейбірі белгілі уақыт аралығында тіршілік етіп, жойылып кеткенімен, идеологиялық ұстанымдары мен принциптері қазіргі таңда да өз ықпалын көрсетуде.

Қазіргі уақытта «салафизм», «уаһабизм» термин атаулары тікелей «экстремизм» сөзінің синониміне айналған десек те болады. Уаһабшылар өздеріне «салафизм» атауын бірден қолданбағаны белгілі. Уаһабшылардың мемілекет аралық бүлік салып, тарихта жақсы атының танылмауына байланысты «уаһабизм» сөзінің жағымсыз мағынасынан құтылу мақсатында өздерін «алғашқы салихалылар жолымен жүруші» ретінде теңеп «салафилер» деп атай бастады. Ислам ғалымдары псевдосалафизм ағымын ұстанушыларды «уаһабизм» әрекетінен пайда болғаны жайлы  және қайткенде уахабизм ізіне еруші екенін ескерген.

Сәләфизм – араб тіліндегі «сәләф» сөзінен шыққан «бұрынғылар», «өткендер» ұғымын береді. Ислам әлемінде сәләф ас-салихин атауы Мұхаммед пайғамбардың заманынан бастап алғашқы үш ғасырда өмір сүрген мұсылмандар қатарына телінеді. «Салафизм» термині исламдағы дінге сенушілерді бұрынғы «салафқа», яғни Мұхаммед пайғамбардың сахабаларына және олардың кейінгі ұрпақтағы ізбасарларына (табиғин) назар аударуға шақыратын тенденцияны білдіреді. Уақыт өте келе «салафизм» термині бұрмаланып келді және осы кезеңде бұл ұғым салафиттер деп аталатын радикалды идеологияны білдіреді.

Псевдосәләфизм идеологиясының заңды, мемлекеттік билікті мойындамайтындығы немесе қолдамайтындығы белгілі. Бұл тенденцияның мақсаты мемлекеттіліктің жалғыз түрі – халифат, ал шариғат – құқықтық реттеудің бірден-бір жолы деп есептейді және қасиетті құран мен хадисті теріс интрепретацялауға бейімделген идеология болып табылады. Псевдосалафизм идеологиясының ең маңызды элементі – ислам мемлекетін құру үшін күресу, жиһад идеясы.

Қазақстан Республикасының дін туралы алғашқы заңында діни бірлестіктердің қызметіне толық бостандық берілді, яғни 1992 жылғы 15 қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданып 2011 жылғы 11 қазанда өз күшін жойды. Бұл аралықта елімізге заң аясында көптеген халықаралық діни ұйымдар, соның ішінде  деструктивті діни ағымдар да шоғырланып үлгерді. Деструктивті діни ағым идеологияларын насихаттау біршама жүйемен іске асырды. Ақпаратты кітап күйінде және интернет желісінде жаппай таратумен айналысып, сонымен қатар шетелден ақпаратты флэш карта күйіңде таратқандар ұсталды. Бұл әдебиеттер таяу шығыстан келген Абдул Уаххаб идеологиясы екені анықталды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Сахабалар да ғалымдарға ерген

2014 жылғы 25 ақпанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен псевдосәләфизм ұстанымының әдебиті «Үш негіз» және «Үш негіз кітабына түсіндірме мен анықтамалық» атты кітаптары экстремистік иделологияны насихаттайтын әдебиет деп танылып, оларды Қазақстан Республикасының аумағына таратуға, баспадан шығаруға тыйым салынды. Әлбетте бұл идеология қоғам тигізетін зияны болуы себепті заң жүзінде тыйым салынды.

Жастарымыз діни санасы псевдосалафизм ағымының ықпалынан адасып түсіп жатқандар да аз емес. Дін – қоғамның ажырамас бөлігі болғандықтан псевдосалафизм ағымының қатері қазіргі уақытта өзекті мәселесі болуда.

Дінтанушы сарапшылардың тұжырымына сүйенсек псевдосалафизм идеологиясы бастапқы кезде өзіндік ерекшеліктерімен көзге түссе, кейін қоғамға сіңісу мақсатында өздерінің ұстанымдарын өзгертумен айналысуда. Яғни идеологияларын трансформацияалау арқылы қоғамның бір мүшесі ретінде өздерін жасыруға көшті. Оған дәлел 1990 жылдары бастау алған мешіттерде бүлік шығарып, имамдардың жағасынан алуға дейін барды. Тіптен имамдардың айтқандығынан теріс айналып өздері жамағат болып жиналып қарсылық көрсетті. Ел аумағында Әбу Ханифа мазхабын мойындамай тіл тигізетіндер де кездескен. Әбу Ханифа хадисті аз білген деп жала жауып, ислам әлемінде еңбегі сіңбегені жайлы сын да таққан. Яғни псевдосалафизм идеологиясын ұстанушылар ислам әлемінде дәстүрлі дінді қалдырған алғашқы буын ғалымдарына деген обективті көзқарастарының жоқ екенін көрсеткен болатын. Алайда уақыт өте келе Ханафи мазхабының негізін салушы Имам Ағзам Әбу Ханифа алғашқы үш буын (салаф)  ғалымдарына жататындығын тарихи дәлелдерді қабылдаған болса да, амалдарының қарама-қайшылықтарына байланысты мойындауы екіталай.

Пікір жазу