Құпиялылық саясаты және пайдалану шарттары

«Қазақстандағы Ислам – Kazislam.kz» вебсайты құпиялыққа мән береді және Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіз болуына жағдай жасайды. Аталмыш құпиялық саясаты тек қана kazislam.kz вебсайты арқылы жиналған ақпараттарға ғана жүреді. Бұл саясат басқа жолмен жиналған ақпараттарға (телефон, факс, пошта арқылы) жүрмейді. Сіздің барлық дербес деректеріңіз Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңымен қорғалатынын хабарлаймыз.

«Қазақстандағы Ислам» вебсайтында арнайы формаларды жіберу арқылы Сіз Пайдалану шарттары мен Құпиялық саясаты аяында ақпараттардың жиналуына, қолданылуына, сақталуына саналы түрде келісім бересіз.

Арнайы формалар арқылы жиналған деректеріңіз үшінші тарапқа тек Қазақстан Республикасының арнайы сот шешімі негізінде ғана беріледі.

Егер Сіз осы шарттарға қарсы болсаңыз, онда «Қазақстандағы Ислам» вебсайтын қолданбауыңызды сұраймыз.