Сұрақ: Мен студентпін, ата-анам ауылда тұрады. Әкемнен пітір жайында сұрасам, әлі бермеген екен. Оны қай күнге дейін беру керек?
Жауап: Пітір садақаны рамазан айы басталып, Ораза айт намазына дейін беріп қою қажет. Дегенмен, айтқа дейін уақыт бар деп арқаны кеңге салып жүргеннен ертерек беріп қойған абзал. Әдетте адам күйбең тірлікпен жүріп пітір беру есінен шығып кетуі де ықтимал.
Ал енді оны кешіктіріп айт намазынан кейін берсе, онда сауабы азаяды. Сол үшін дұрысы пітір садақаны ораза кезінде біріп тастаған жөн.
ҚМДБ биылғы пітірдің мөлшерін 535 теңге деп бекіткенін айта кеткен жөн.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ