«Расында, періштелер қажыларды қарсы алады. Олар қажылық жасау үшін түйеге мініп келген жолаушыларға сәлем береді. Қашыр мен есекке мініп келгендерге қол созып амандасады, ал жаяу келгендерді құшақ жайып күтіп алады».
Түсініктеме: Хасан әл-Басри – (642 Медина, 728 Басра) өз заманының ірі тұлғасы, хадис білгірі. Омар ибн Абдулғазиз халифаның тұсында Басраның кадиы (соты) болған. Омеяд билігі кезіндегі беделді ғалым, тақуа.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ