Періштелер дұға жасасын десеңіз…

    0
    60

    Абу Хурайра Абдурахман ибн Сахрдан жеткен риуаят бойынша Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деген:

    «Мұсылманның жамағатпен оқыған намазы, үйінде, не базарда оқыған намазынан (сауабы) жиырмадан аса  жоғары болады. Себебі, мұсылман дұрыстап дәрет алып мешітке тек қана намаз оқу ниетімен ғана баратын болса ол мешітке жеткенге дейін әр қадамы үшін бір сауап алады және сол басқан қадаынан кішігірім бір күнәдан түсіп отырады. Содан соң ол
    мешітке кіргеннен кейін ол тек қана намаз үшін онда қалатын болса онда ол сол жердегі болған барлық уақытында намаз оқыған болып есептеледі және
    періштелер ол үшін былай: «Ей, Алла Тағала бұл мұсылманға
    рахым ет, оның күнәларын кешіре гөр және оның тәубесін қабыл ал!», — деп жалбарынады. Мұндай жағдай әлгі мұсылман үшін сол жерде ешкімді ренжітпегенше және дәреті бұзлмағанша жалғасады». (Имам Мүслим).

    Жалғас АСХАТҰЛЫ

    Пікір жазу