Павлодарлық салафит алаяқтық үшін ұсталды

    257

    Алаяқтық үшін күдікке ілінген 32 жасар Павлодар қаласының тұрғыны жедел іздестіру шаралары кезінде ұсталды. Оның деструктивті діни ағымды (салафизм) ұстанатыны, бұрын ұрлық үшін сотталғаны анықталды, деп хабарлайды durbi.kz.

    Жеңіл табыс іздеген ол ғаламтор арқылы кір жуатын ұнтақты өте арзан бағаға сатамын деп хабарландыру таратқан. Павлодар қаласының 35 жасар тұрғыны оның қармағына түсіп, 95 дана ұнтақ аламын деп тапсырыс береді. Күдікті толық сомманы өзінің төлем картасына аударуды сұрайды. Ақшаны алып алған соң түрлі сылтаулар айтып, уақыт созып жүреді. Сылтау ретінде «төтенше жағдайға байланысты тауар шекарадан өте алмай тұр» деп те айтады. Кейін телефонын мүлдем сөндіріп тастаған.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Қайырымды шаңырақ» азық-түлік қоржынын таратты

    Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл жайлы Павлодар облысының полиция департаменті Instagram парақшаcында хабарлады.

    Пікір жазу