17 қазан. KAZISLAM –  Ертең Павлодардағы «Колос» мәдени-сауық орталығында діни бірлесіктердің шығармашылық фестивалі ұйымдастырылады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова айтты.

– Діни бірлесіктердің шығармашылық фестивалін өткізу 2015 жылдан бері дәстүрге айналған. Жергілікті діни бірлесіктердің өкілдеріне шығармашылық нөмірлер дайындау туралы ұсыныспен шыққан едік. Барлық діни бірлесіктер шараға өте белсенді және жауапкершілікпен дайындалады. Бұған дейін қатысушылардың туыстары мен қолдау білдірушілер ғана келетін. Биылғы жылы барлық қала тұрғындарын шақырамыз. Фестиваль барысында өзара достық қарым-қатынас орнағанын өз көздеріңізбен көресіздер.

Орталық басшысы 2013 жылы құрылған обыстың діни бірлестіктері басшылары клубының жұмысы жайлы айтып өтті.

– Клуб шеңберінде діни бірлестіктердің өкілдерімен бірге өз-өзіне қол жұмсау мен жемқорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау бағытында жұмыс жүргіземіз. Діндар жастардың арасында бес жыл қатарынан спорттық шаралар мен турнирлер, боулингтен жарыс өтеді. Оған Павлодар облысында тіркелген барлық діни бірлестіктердің өкілдері қатысады. Сонымен қатар, олардың өздері бейресми жағдайда үстел теннисі, волейбол өткізу туралы ұсыныс білдірген. Мысалы, былтыр Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде дін жолындағы адамдардың жеке топтамасында сақталатын аса құнды діни заттардың көрмесі өтті. Бұл – өте бағалы және тарихи маңызды заттар. Оның ішінде 17 ғасырдағы діни катаптар болды. Үш күндік көрмеге 1000 шақты адам келді. Сондай-ақ, үш жыл қатарынан дінтанушылар форумы өтті.

Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталды.

– 1997 жылдан бастап Қазақстанда 18 қазан – Рухани келісім күні деп жарияланған. Бұл – құрметтейтін үлкен мереке. Себебі, елдің тыныштығы мен қоғамдық, этносаралық және дінаралық келісім – басты жетісіктердің бірі. Біздің мекемеміздің, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысы маңызды және өзекті деп есептеледі. Өйткені, көп конфессиялық мемлекетіміздегі конфессияаралық келісімді сақтау үлкен жұмысқа айналды. Барлық 18 түрлі конфессияның 13-і біздің облыста тұрады.

Пікір жазу