ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты дұға жасап, құрбан шалды.

Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңда Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы бастаған қалалық мешіт имамдары бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп дұға жасады.

Аталған шара алдымен қаладағы «Қарилар даярлау орталығы» медресесінің шәкірттері түсірген Құранға Хатым  оқылып, дұға бағыштаумен басталды. Дұғада еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, мешіттерімізді жамағатқа толтырып, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тіледі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Иран мемлекетінен 22 отбасы қоныс аударды

Дұғадан соң еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сабырлық танытып, сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттілігі жайлы айтылды.

Пікір жазу