Павлодарда бомба жайлы жалған хабар таратқан 15 жастағы бала ұсталды, деп 24.kz хабарлайды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Жасөспірім жедел басқару орталығына хабарласып, тұрғын үйде жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Тексерістен соң тұрғын үйден бомба табылмаған.

Дегенмен, көпқабатты үй тұрғындарын әбігерге салған. Салдарынан отыздан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Ал жасөспірім «әзілдегім келді» деп ақталған.

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша тергеу басталды. Өңір полицейлері жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілік екенін ескертеді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме өрбітті. Түсініктеме жұмысын жүргізді», – деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  «Жауызды жазасыз қалдырмауға серт бердім»

Пікір жазу