Патша үйіне жақындап сарайының алдында күзетіп тұрған бір қарт күзетші кісіні кезіктіреді. Патша әлгі күзетшіден:
– Бүгін күн күрт суытып кетті, ал сенің үстіңдегі киімің тым жұқа екен. Жаурап тұрған жоқсың ба? – деп сұрайды. Сонда күзетші патшаға:
– Менің бұл жұқа киімімнен басқа киерге киімім жоқ. Сондықтан, суықты сезінсем де жаурамайтындай сыңай танытып, шарасыздықтан осы киімімді жылы тұтам, – деді күрсініп. Сонда, патша кідірместен әлгі күзетшіге:
– Қазір мен іштен бір қызметкерден жылы киім алдыртып беріп жіберемін, – деп күзетшінің көңілін бір жұбатады.
Патша сарайға кіргеннен берген уәдесін ұмытып ұйқыға кетеді. Таң ертең тұрып уәдесі қайта есіне түсіп дереу сарай қақпасына жөнеледі. Бірақ, күзетші түнгі қатты суықтан жаурап қайтыс болып кеткенін көріп қатты мұйаяды. Сол сәтте күзетшінің өлі денесіне жасырынған хатты көріп патша дереу оқуға кіріседі. Хатта күзетші қарт былай деп жазыпты:
– Еһ, патша, мен сіздің берген уәдеңізге сеніп іштегі бар жылуымды жіберіп қойып едім жылы киім киемін деп. Уәдеде тұра алмағасын бекер уәде бермеу керек еді. Сіздің осындай уәдеңіздің кесірінен қазір мен ғана зиян кештім. Егер сіз осылай берген уәдеңізді ұмытып, халықтың қамын жасауда немқұрайлылық танытсаңыз, онда бүкіл халық зиян кешетінін естен шығармаңыз, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ