Кездесуде Израиль әскерилерінң бейбіт шерушілерге күш қолдануын талқылау көзделіп отыр. Палестина израильдіктер бейбіт тұрғындарға оқ атып, халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзды деп мәлімдеді. Ал Израиль Қорғаныс министрі шекара маңында тәртіпсіздіктер қайталанатын болса, бұдан да қатаң жауап беретінін хабарлады. Оның айтуынша, Израиль өзінің халқы мен жерін қорғау үшін кез келген шараны қолдануға құқылы.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Газа секторы шекарасында мыңдаған палестиналық Тель-Авивтен 1976 жылы кәмпескелеген босқындардың жерлерін қайтарып беруді талап етіп, шеруге шыққан. Бірақ наразылық акциясы Израиль әскерімен қақтығысқа ұласып, 16 адам көз жұмды. Тағы 1 жарым мыңдай кісі жарақат алды.

Пікір жазу