Онда «Халифат келеді» деген жазба жазылған, деп хабарлайды Gulf News.

Исламабад полициясы Икбал қаласына баратын Исламабад жолына ілінген туды түсірді. Аталмыш жағдай туралы полицияға пәкістандық Навид Ахмад Кхан есімді азамат хабарлаған. Әзірге полицияға тудың ілінуі әлдекімдердің әзілі немесе шын мәніндегі содырлардың ескертуі екені белгісіз болып отыр.

Жолдағы бейнебақылау камера жүйелерінің көптігіне қарамастан террористер туы Исламабадтың басты жолына қалай ілінгені де белгісіз. Айта кетсек, Исламабадта «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қала бойынша 1900-дан аса бейнебақылау камерасы орнатылған. Бақылау камералары мемлекеттік маңызы бар нысандарды, мекемелер, кіру-шығу пунктері, жол, коммерциялық орталықтар мен кейбір тұрғын үй аудандарын қамтиды.

Пікір жазу