Пәкістанның шығысындағы Пенджаб провинциясының Равалпинди қаласындағы базарда  жұма күні кешке жарылыс болды, салдарынан бір адам қаза тауып тағы 11 жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылыс салдарынан бір саудагер қаза тапса, ал 11 адам, оның ішінде саудагерлер мен жолаушылар жарақат алған. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Полицияның айтуынша, жарылыстан кейін оқиға орнына полиция мен құтқарушылар көмекке келіп, аймақты қоршаған. Алдын ала тергеу бойынша, жарылғыш зат жолдың бойында тұрған мотоциклге қойылған.

Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 11 маусымда Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы жарылыста кемінде екі пәкістандық әскери қызметкердің қаза тапқаны, тағы екі адамның жараланғаны туралы хабарланған болатын.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Коронавирус жұқтырған адам 300 кісіге той жасаған

Содан кейін патруль көлігі Ауғанстанмен шекарада орналасқан Солтүстік Вазиристан ауданында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған.

Пікір жазу