Алла тағаланың сүйікті елшісі – Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауат айтып, сәлем жолдаудың екі дүниеде де пайдалары көп. Ислам ғалымдары Құран аяттары және Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, мынадай пайдаларын тілге тиек еткен:
Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат айтудың пайдалары
- Алланың бұйрығына мойынсұну
- Алла тағаланың Пайғамбарға салауат жолдауына сай әрекет ету
- Пайғамбарға салауат айтқан періштелердің істеріне сәйкестік
- Бір салауат айту арқылы он сауапқа кенелу
- Құлдың дәрежесінің он есе өсуі
- Салауат арқылы он жақсылықтың жазылуы
- Он күнәнің кешірілуі
- Дұғаның қабыл болуына себеп
- Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына бөлену себебі
- Күнәлардың кешірілуіне себеп
- Пенденің қайғы-мұңына Алла тағаланың жеткілікті болуына себеп
- Қиямет күні Пайғамбарымызға жақын болудың себебі
- Садақа бере алмайтын адамның садақасының орнына жүреді
- Қажеттіліктерінің өтелу себебі
- Алла тағала мен періштелердің оған салауат айтуына себеп
- Салауат айтушының жаны мен тәнінің тазаруы
- Жан тапсырмастан бұрын пенденің жәннатпен сүйіншіленуі
- Қиямет күнінің қиындығынан құтылудың себебі
- Құлдың ұмытқан нәрсесін еске түсіруге себепкер
- Пайғамбарымызға салауат пен сәлем жолдауына жауап берілудің себебі
- Пайғамбарымызға салауат айтқан отырыстардың жұпар иіске бөленуіне себеп және ол қиямет күнінде сол отырыстағыларды қасіретке ұшыратпайды
- Кедейліктің болмауы
- Пенденің сараңдықтан құтылуы
- Пайғамбарымыздың аты аталған кезде салауат айтпағандар үшін жасалған бәддүғадан құтылудың себебі
- Салауат айтушыға жәннат жолына бастау, айтпағанға оның жолынан алыстаудың себебі
- Алла тағала мен елшісінің аты аталмаған мәжілістің жаман иісінен құтылу
- Хұтба және басқа да уағыз-насихаттарды кемелдендіре түседі
- Қыл көпірден өтерде пенденің нұрының ерекше көп болуына себеп
- Пенденің қатыгездіктен құтылуының себебі
- Жердегілер мен көктегілердің пайғамбарымызға салауат атйқанға Алла тағаланың жақсы мадақ айтуының жалғастығы
- Салауат айтушының берекеге кенелуінің себебі
- Алла тағаланың рақымына бөлену себебі
- Пайғамбарымызды жақсы көрудің жалғасымдылығына себеп
- Пайғамбарымыздың өзіне салауат айтушыны жақсы көруінің жалғасыдылығының себебі
- Пенденің тура жолға келуінің және жүрегінің тірілуіне себеп
- Салауат айтушының есімінің Пайғамбарымызға ұсынылу себебі
- Қыл көпірде құлдың аяқтарының нық болуына себеп
- Пайғамбарымыздың біздегі кейбір қарыздарының өтелуіне себеп
- Салуат Алланы еске алу мен Оған шүкіршілік білдіруді де қамтиды
- Шындығында ол дұға болып табылады. Өйткені ол Алланың Өз сүйіктісін мақтауды сұрауына жауап немесе ол – пенденің материалдық әрі рухани қажеттіліктерін сұрау.