Құдай Тағала адамға түрлі қасиеттер берді. Солардың бірі – ашу. Қарапайым адам бұл мінезінен толық құтыла алмайды. Мұсылманның басқалардан ерекшелігі де осында, ол өзінің ашулануына себеп болатын нәрселерден сақтанып, ашу-ызасын мүмкіндігінше тежеуі үшін күш салады.
Ислам мұсылманды ашуын тежеуге, оған ерік бермеуге шақырып, сабырлы болуға жігерлендіреді. Мысалы, Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай деп айтқан:
– Менің ең жақсы көретінім – пенденің өз ашу-ызасын тоқтатуы. Себебі, ол Алланың разылығы үшін ашуын тоқтатқан сайын Алла оның жанын міндетті түрде иманмен толтырады (Ахмад).
Алла үшін ашуын тежей білген ізгі мұсылмандардың бірі – Маймун ибн Мухран есімді тақуа адам. Бұл кісіге қатысты мынадай мәшһүр әңгіме бар:
Бір күні Маймун ибн Мухраның күңі қожайынына ыстық сорпа алып кележатып, сүрініп құлайды. Сорпа Маймун ибн Мухранның үстіне төгіледі. Үстіне қайнап тұрған сорпа төгілген Маймун қатты ашуланып, қызарып кетеді. Сөйтіп, әлгі кәнизакті жазалауға шешім қабылдайды. Шешімін дауыстап айтқалы тұрғанда әлгі күң оған қарап:
–Уа, қожайын! Алла Тағаланың: «Сондай-ақ, олар ашуларын жеңушілер» деген сөзімен амал етіңіз – дейді. Алла Тағаланың аятын естіген Маймун ашуын тежеп:
–Ия, солай жасадым – деп айтады.
Күң әрі қарай:
– Уа, қожайын! Содан кейінгі «…адамдарды кешірім етушілер» аятына амал қылыңыз – деп өтінеді.
Жаратушының аятын естіген Маймун:
– Жарайды, кешірдім – деді.
Мұнысымен қоймаған күң:
– Алла жақсылық қылғандарды сүйеді (Әли Имран: 134), – деп аятты тамамдайды. Алла Тағаланың сауабына кеңелгісі келген Маймун ибн Мухран:
– Саған жақсылық жасағаным болсын. Сені Алла үшін құлдықтан босаттым – деп, қолындағы күңді азат етеді. Бұл риуаятты Маймун ибн Мухранның өзі жеткізген.
Бұл оқиға ашуын Алла үшін тежей білген адамның керемет мысалы. Егер осы жағдайда Маймун ибн Мухран ашуға берілсе, онда алдындағы кәнизагын қатты жазалаған болар ед. Бірақ ашуын ақылға салып, нәтижеде өзінен кейінгі қанша адамға ғибратты оқиға қалдырды әрі Алла Тағаланың алдында зор марапатқа ие болды. Осы оқиғадан соң ашудың қүштілігі қаншалықты болса, оны тежей алған адам да көлемі сонша марапатқа ие болады деген сенім ұялайды. Мұндай адамдар жоғарыдағы хадисте айтылғандай пайғамбардың (с.ғ.с.) жақсы көретін досына айналары сөзсіз.
Ислам ғалымдары ашудың жаман қасиет екенін айтып қана қоймай оның алдын алу шараларын да ұсынады. Исламда ашуды басудың кең тараған әдіс-тәсілдердің бірқатары мыналар:
– ашулы адамның өзін-өзі тежеуі, яғни, ол үшін ашулы адам ашудың салдарынан нендей жамандыққа тап болатынын және ашуын тежей білсе, Алланың қасында ие болатын марапатын есіне алуы тиіс;
– адамды жиі азғыратын шайтанға қарсы Алла тағаладан пана сұрау;
Бір күні пайғамбар (с.ғ.с) екі адамның өзара тартысына куә болады. Ашуға булыққан біреуі екіншісін тілдеп, жүзі қызарып кетеді. Мұны көрген пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Ақиқатында мен сондай сөзді білемін, егер ол адам мұны айтса міндетті түрде тынышталар еді. (Егер ол): «Карғысқа ұшыраған шайтаннан Алладан пана сүраймын», – деп айтса, онда оның ашуы басылар еді – деген (әл-Бұхари, Мүслим).
– Ашуланған адам тұрған жағдайын өзгертуі қажет. Егер тұрып тұрған болса, онда отырсын. Пайғамбар (с.ғ.с.) бұған қатысты:
– Сендерден кім ашуланганда тұрган болса – отырсын, ашуы (сонда да) қайтпаса, жатсын – деп насихат айтқан (Ахмад, ӘбуДәуд).
– ашулы кезде сөйлемеген мақұл. Себебі, сөйлесе, сөзіне қарсы ашуын келтіретін жауап естуі мүмкін немесе өзі қаламаған сөзді де айтып қалуы ғажап емес. Кейін, сол үшін қатты өкінуі мүмкін. Пайғамбар (с.ғ.с.):
– Сендерден кім ашуланса, сөз қатпасын – деп үш рет қайталаған (Ахмад, Термези, Әбу Дәуд).
– ашуланған адам дәрет алуы қажет. Себебі, ашу-ыза адамның бойындағы қанын тездетіп, кенет қимылға итермелейді. Ал суық су оны басады. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп айтқан:
– Негізінде, ашу – адамның жүрегінде жанып тұрган қызыл шоқ (Ахмад, Термези).
Сондай-ақ пайғамбардың (с.ғ.с.) мынадай да хадисі бар:
– Күмәнсіз, ашу — шайтаннан, ал шайтан оттан жаралган. Егер де кім сендерден ашуға берілсе, дәрет алсын (Ахмад, Әбу Дәуд).
Осылайша бойымыздағы ашу күшін толық жеңе алмасақ та оны біраз тежеудің әдіс-тәсілдерін үйренгендей болдық. Себебі, ашулы адам ашу үстінде арты қайғыға әкеліп соқтыратын түрлі істер істер жасап қоюы мүмкін.
Олай болса, құрметті оқырман, біз де шамамызға қарай ашуымызды ұстап, оны сабырлық пен мейірімділікке ауыстыруға көңіл бөлейік.