Пәкістанда өткен президент сайлауының қорытындысын жариялаған Пәкістан сайлау комиссиясы Пәкістан Әділет қозғалысының кандидаты Ариф Алвидің жарамды 660 дауыстың 352-ін жинап, мемлекеттің 13-ші президенті боп сайланғанын хабарлады.

Ариф Алвимен бәсекеге түскен Мәулана Фазлуррахман 184 дауыс жинаса, Пәкістан халық партиясының кандидаты Айтзаз Ахсан 124 дауыс еншіледі.

Жаңа президент 9 қыркүйектен бастап қазіргі мемлекет басшылары Мемнун Хусейннің орнына қызметіне кіріседі.

Журналистерге жасаған баспасөз мәлімдемесінде Ариф Алви: «Бұл мақамға отырғаным үшін Аллаға сансыз шүкірлер айтамын. Лидеріміз Имран Ханға (Пәкістан Әділет қозғалысының төрағасы) алғысымды білдіремін», ­– деп, бұл президенттігінің мұқтаж жандар мен әлеуметтік аз қамтылған халыққа бір мүмкіндік екенін тілге тиек етті.

Пәкістанның жаңа президенті Ариф Алви туралы ақпараттар:

  • Пәкістанның құрылуымен Үндістаннан кеткен бір отбасының баласы болған Алви 1949 жылы Қарачиде дүниеге келген.

  • Әкесі Хабибуррахман Елаһи Алви Үндістанның алғашқы президенті Жевахирлалдың тіс дәрігері болған.

  • Лахор университетіне қарасты Де-Монтмонренси Тіс дәрігерлігі колледжінде білім алды.

  • 1969 жылы генерал Аюб Ханға қарсы жасалған наразылық шеруінің белсендісі болды. Шеруге қарсы жасалған қарулы операцияда қолына тиген оқ осы күнге дейін оң қолында жүр.

  • АҚШ-тың Мичиган университетінде 1975 жылы «Протез тіс ауруы» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.

  • Оқу бітіріп, Пәкістанға қайтқан Алви өзінің атында бір тіс ауруханасын ашты.

  • Саяси өмірін 1979 жылы «Пәкістан Жамағат-и-Исламиден» бастады.

  • Имран Ханмен бірге 1996 жылы Пәкістан Әділет қозғалысын құрушылардың қатарынан орын алды.

  • 2006-2013 жылдары Пәкістан Әділет қозғалысының бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

  • 2013 жылы алғаш рет Пәкістан Әділет қозғалысының депутаты ретінде федералды мәжіліске кірді.

  • 4 қыркүйек 2018 жылы болған сайлауда Пәкістанның 13-ші президенті болды.

  • 4 баласы бар.