– Апырмай, біз мұндай ыдысты көрген емеспіз. Біздің қолымыздағы нәрселер мұнымен теңеспейді, оның маңына да жуымайды – деп оның алып келген затына қызыға жарысып айтып жатты.
Кейін әлгі адамға:
– Сен мына олжаның арасынан өзіңе де бір нәрсе алдың ба?–деп сұрайды. Әлгі адам:
– Аллаға қасам! Алғаным жоқ. Егер Алла болмағанда мен мұны сендерге алып келмес едім, – деп жауап береді.
Бұл адамның дінге дегін ықыласын байқаған олар:
– Сен кімсің? Атыңды біле жүрейік, – деп оның аты-жөнін сұрайды.
Әлгі адам:
– Аллаға ант етемін! Сендер маған ағлыс айтпасын және басқалар мақтамасын деп атымды айтпаймың. Мен бар болғаны Алла үшін амал етіп, Соған мақтау айтамын, Оның нәсіп қылған сауабына ризамын, – деп есімін айтпай кетіп қалады.
Олжа жинап жүрген адамдар мұндай тақуаның кім екенін білгісі келіп, жасырын оның артынан еріп отырады. Сөйтіп, әлгі тақуа өз жолдастарына қосыған кезде, олар ақырын ғана оның кім екенін сұрап біледі. Ол – Амр ибн Абдуқайс деген тақуа болатын.
Түйін: Алла Тағала тақуалық қылған адамды бұл дүниеде һәм ақыретте құрметке бөлейді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ