Жаңалықтар

Өзбекстанда діни себеппен сотталғандар босатылуы мүмкін

Бұл жөнінде әндіжандық құқық қорғаушы Саиджахон Зайнобиддинов хабарлады. Оның сөзінше, Өзбекстанда мұндай тәжірибе бірінші рет жүзеге асып отыр.

«Абақтыда туыстары отырған адамдармен тікелей сөйлестім. Олар жазаны орындау мекемесі әкімшілігінен хат алған. Онда діни себеппен 2000 жылдан бері түрмеде отырған азаматтардың бостандыққа шығатыны хабарланған. Бұл хатта сотталушылардың туыстарына өздері келіп, абақтыдағы ұлдарын алып кетуді сұраған», – дейді әндіжандық құқық қорғаушы.

Осыған дейін өзбек билігі «қара тізімдегі» азаматтардың ісін қайта қарап жатқаны жөнінде хабарланған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Өзбекстанда «қара тізімге» алынған 17 мың адамның 16 мыңы «қауіпті азаматтар» санатынан алынып тасталған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close