Бұдан былай Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеттің ұсынысымен ғана осы елдің азаматтары Каирдың Әл-Азхар университетіне оқуға түсе алады.

Бұл ақпаратты Египеттегі Өзбекстан елшілігі хабарлады.

Өзбек билігіне жақын сарапшының хабарлауынша, енді кәмелетке жасы толмағандарға діни білім беруге тыйым салынады, ал шетелде діни білім алғысы келетін ересек азаматтар алдымен дін істері жөніндегі комитеттен рұқсат алуы тиіс.

Оның пікірінше, билік мақсаты- Египет пен Түркиядан заңсыз діни білім алуға кететін жастар легін тоқтату.

Өзбекстанның арнайы қызметіне сараптамалық материал дайындайтын сарапшының айтуынша, соңғы бес айда шекарадан Египетке діни білім алуға кетпек болған 1800 кәмелетке жасы толмаған жеткіншек ұсталған. Олардың көбі Ферғана, Әндіжан және Наманган облысының тұрғындары.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ақжайық ауданында үш мешіттің құрылысы басталды

1990 жылдары Әл-Азхар университетінде білім алған Azon.uz сайтының негізін қалаушы Мубашшир Ахмад Facebook парақшасы арқылы Өзбекстан билігінің бұл шешімі азаматтардың білім алуға деген конституциялық құқығын шектеуі деп мәлімдеді.

Аzattyq.org

Пікір жазу