Күндердің күнінде талас-тартысқа құмар бір кісі Имам Шафиғиға келіп:
– Ібіліс оттан жаралғаны белгілі. Ендеше Аллаһ Тағала оны қалай ғана отпен азаптайды? – деп сұрайды. Сонда Имам күнге кепкен балшықты алып, әлгі кісінің бетіне ұрады. Кісінің беті қызарып, ауырғанның нышаны байқалады. Имам:
– Ауырды ма?
– Әрине ауырды. Сол сәтте Имам:
– Қалай ғана саз балшықтан жаралған адамның денесі балшықтан ауру сезінеді? – деп сөзін түйіндеген еді. Әлгі кісі Имамның не айтпағын дереу түсініп, үнсіз қалған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы