Жақында қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде көпке үлгі боларлық қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Онда арнайы сойылған соғымның еті көмекке мұқтаж қала тұрғындарына таратылса, мешіттің бас имамы Шоқан Ғазизұлы келгендерге жылы лебізін білдіріп, демеушілерге шынайы алғысын жеткізді. Бір айта кетерлігі, мешіт қызметкерлері азаматтық танытып, таратылған етті әрбір отбасына жеткізіп те берді.

«Мұңдай ұмытылмас қайырымдылық шаралар барлық мешіттерде жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болары хақ» дейді мешіт мамандары.

Пікір жазу