«Қайырымдылық қадірлі іс» атты айтулы шара барысында Өскемен қаласында тұратын көп балалы, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қамтылды.

Қайырымдылық шарасы барысында 400 отбасыға құрбан еті үлестірілді.

«Құрбан айт мерекесі қарсаңында біз қайырымдылық шарасын басты орынға қойып отырмыз. Тұрмысы төмен отбасыларға және қаладағы әлеуметтік мекемелерге құрбан айтта жиналған етті таратудамыз. Жеке отбасылардан бөлек, «Хоспис» қарттар үй, «Үміт», «Үлбі» әлеуметтік мекемелеріне мешіт тарапынан арнайы құрбан шалынып, азық-түлік және өзге де  қажетті заттардың көмегі жасалды» деп таныстырды, шараны ұйымдастырушылар.

Көмек алған отбасыларда облыстық мешітке алғыстарын білдірді.

Пікір жазу