Жуырда Дағыстан Республикасының Ботлих ауданындағы Гагатли ауылында бір үй өртке оранып, толықтай жанып кетті.

Ол кезде үйде адамдар бар болатын, абырой болғанда олар тілсіз жауды дер кезінде байқап, қашып үлгереді. Бірақ өз күштерімен өртті сөндіруге шамалары жетпейді.

Ертеңгі күні түгелі қалмай жанып кеткен үйлерінің орнына барған иелері күлдің арасынан қасиетті Құранды тауып алды. Үй иесі Гаджимамаев Магомедрасулдың айтуынша, қасиетті кітапқа өрт ешқандай да зақым келтірмеген.

Қазіргі күні баспанасыз қалған отбасы уақытша туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.

Пікір жазу