10 ақпан. KAZISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елордада Төралқа мәжілісін өткізді, деп жазады muftyat.kz

Жиынға ҚМДБ төраға орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім басшылары мен облыс, қала бас имамдары қатысты.

«Құрметті әріптестер, өздеріңіз куә болғандай, Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайтында 300-ден астам делегат менің кандидатурамды қолдап, бірауыздан дауыс берді. Баршамыздың мақсатымыз бір. Ол – елдің игілігіне қызмет ету, асыл дінімізді өркендету, жауапкершілік аманатына адал болу, т.б. Сіздерді осынау ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжіліс соңында 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың жоспары пысықталды.

Пікір жазу