Орал қаласы, Жәңгір хан көшесінің бойында жаңадан салынатын мешіттің үздік эскиздік жобалауына ашық конкурс жарияланып, жұмыстарды қабылдау басталды.

Қазіргі таңда халық саны 50 мың адамға жеткен Зачаганск кентінде 1500-2000 орындық мешіттің құрылысы басталғалы тұр. Осы орайда конкурсқа қатысушылар техникалық тапсырмаға сай нысанның сәулет жобасын ұсынуы тиіс. Жұмыстар осы жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.

Конкурсқа лицензиясы бар жоба ұйымдары мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Тағы бір ескерілетін тұсы нысанның ішкі кеңістігі, сәулеттік келбеті, экономикалық жағынан құрылымдық шешімдердің оңтайлылығы және энергия тиімділігі басты назарда болмақ.

Айта кетейік, мешіттің үздік эскиздік жобасы номинациясы бойынша бас жүлдеге 2 000 000 теңге сыйақы тағайындалған. Конкурсқа қатысушыларды іріктеу, жеңімпаздарды анықтау ҚМДБ жанынан құрылған комиссия анықтайды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Халықаралық комиссия Қазақстандағы діни ахуалға оң бағасын берді

Конкурстық құжаттамаларды өзіңізге осы жерден жүктеп алып, толығырақ таныса аласыз.

Конкурсқа өтініштер мына мекенжай бойынша қабылданады:

ҚМДБ-ның БҚО өкілдігі, 090005, Орал қаласы, Абай даңғылы, 92-үй

Жауапты маман: Мейрамбек Әбдірахманов

Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-83-02, ұялы телефон +7 (702) 286 41 42,

Электрондық пошта: bko-oral@mail.ru.

Пікір жазу