Орал: Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек

    604

    Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне орай Орал қаласындағы Тәжіден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен мешіт жамағаттары бірігіп, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, жұмыссыз қалған отбасыларға азық-түлік үлестірді.

    Тәжіден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, игі іске мұрындық болып, белсене бел буып кіріскен имамдар мен жамағаттар қажетті заттар 65 шаңыраққа өздері жеткізді. Қайырымдылық пакетіне 5 келі ұн, 5 келі қант, күріш, шай, май, қант, картоп, жұмыртқа, макарон өнімдері бар азық-түлік үлестірілді.

    Осындай қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шарасын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді.

    Бұған дейін Ақжайық өңірінің дін қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шарасын өткізген еді. ҚМДБ жұмысының негізгі бағытының бірі – қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  АҚШ: Террористер ауқымды шабуыл жасау жоспарларынан бас тартпайды

    Пікір жазу